Сурет: kazhydromet.kz
«Қазгидромет» синоптиктері алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
11-13 шілде аралығында еліміздің батыс өңірлерінде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін. Шығыс, оңтүстік, оңтүстік-батыс және орталық өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, жауын-шашын болғанымен аптап ыстық бәсеңдемейді. Күндіз ел аумағының басым бөлігінде ауа температурасы +33…+40°C аралығында болады. Оңтүстік және оңтүстік-батыс өңірлерде +38…+45°C-қа дейін көтеріліп, күшті және өте күшті аптап ыстық болады.
Мазмұнға өту
