Сурет: ашық дереккөз
Ішкі істер министрлігі ескертеді: әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарыңызды үшінші тұлғаларға беру – үлкен қауіп. Алаяқтар көбінесе жасөспірімдерді алдап, олардың SIM-карталары мен аккаунттарын пайдаланып, қылмыс жасайды.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, мұндай жағдайлар жиілеп кеткен. Алаяқтар жасөспірімдерге ақша уәде етіп, олардың жеке деректерін сұрайды. Нәтижесінде, балалар білмей жасаған әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
«Аккаунттарыңызды бөгде адамдарға бермеңіз. Олар сіздің атыңыздан заңсыз әрекеттер жасап, сізді қылмыскерге айналдыруы мүмкін», – деп ескертеді ІІМ өкілдері.
Сондықтан, әсіресе жасөспірімдер мен олардың ата-аналары сақ болуы керек. Ешкімге SIM-картаңызды немесе әлеуметтік желідегі аккаунтыңызды бермеңіз. Егер мұндай әрекеттерді байқасаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.

