Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының барысын қадағалап отыр. Ол ашылу салтанатына өзге елдердің басшыларымен бірге қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың мәліметінше, мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан атынан ойынға қатысушыларға ізгі тілегін жеткізіп, достық пен әділдік рухында өтіп жатқан жарыстарда жарқын жеңіс тілеген.
Сондай-ақ, Президент бапкерлер мен чемпиондарға алғысын білдіріп, ұлттық құраманың табысына үлес қосқан барша азаматтың еңбегі ескерілетінін атап өткен.
Ертең көкпардан Қазақстан құрамасы финалда Қырғызстан командасымен кездеседі.
