Сурет: Спорт комитеті
Семсерлесуші Айбар Қайым Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қылышпен семсерлесуден финалда отандасымыз Түркия өкіліне есе жіберіп, жарысты екінші орынмен аяқтады.
Айбар финалға дейін тартысты бәсекелер өткізді. Ширек финалда болгариялық Никола Мейцовтан басым түссе, жартылай финалда сингапурлық Эштон Оуды 15:13 есебімен жеңді.
Бұған дейін боксшы Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль жеңіп алса, таеквондошы Любовь Юн мен боксшы Марал Төлепберген де күміс жүлдегер атанған болатын.
Сондай-ақ, дзюдодан Фатима Сұпығалиева мен тасжолдағы велоспорттан Әнел Тәшбай чемпион атанды. Ал триатлоннан Рамазан Әйгенов қола медаль жеңіп алды.
Мазмұнға өту
