Әке – отбасының тірегі: Оралда облыстық форум өтті

Бүкіл ел бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Әкелер күніне арналған іс-шаралар өтіп жатыр. Соның бірі – 18 маусымда Орал қаласындағы Достық үйінде өткен «Жауапты әке – мықты отбасы» атты облыстық форум.

Форумға Әкелер Одағы, Әкелер комитеті, Әкелер кеңесінің белсенді мүшелері, үлгілі әкелер, әскери бөлім қызметкерлері, спортшылар, жастар мен БАҚ өкілдері жиналды.

БҚО қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шукеева құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларды форумның ашылуымен құттықтады.

«Отан отбасынан басталады. Мемлекет басшысы Отбасы күніне орай “Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды. Салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиетті қара шаңырақтан бастау алады” деп отбасының рөлін атап өтті. Отбасы – қоғамның алтын діңгегі, әке – сол шаңырақтың тірегі, жауапкершілік пен тәрбие мектебінің негізгі тұлғасы. Бүгінгі форумның мақсаты да – отбасындағы әке рөлін күшейту, жауапты әкелік мәдениетті қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу» — деп Гүлжанар Шукеева атап өтті.

Спикерлер қатарында «Қазақстанның әкелері» РҚБ құрылтайшысы Серік Ихсанов, жеке сот орындаушылары палатасының басшысы Мереке Закиров, майор Айғали Аманжолов баяндама жасады.

Форум аясында Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Жаңақала, Тасқала және басқа аудандардан келген белсенді әкелер Алғыс хаттармен марапатталды. Олардың арасында дәрігерлер, ұстаздар, мәдениет қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлер бар.

Қазақстанда Әкелер күні 2023 жылдан бастап маусымның үшінші жексенбісінде аталып келеді. Мереке әкенің қоғамдағы рөлін арттырып, ұрпақ тәрбиесіндегі беделін көтеруге бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды

Енді өңір тұрғындары мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды өздеріне ыңғайлы мекенжай бойынша жеткізуге тапсырыс бере алады.…

Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығы алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілді – Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі конференцияда

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Санкт-Петербургтегі мәдени байланыстарды нығайту, креативті және шығармашылық индустрияларды дамыту жөніндегі…

Второй шанс без угрозы для общества – депутат рассказала, что предусматривает амнистия к новой Конституции

Депутат Мажилиса Парламента Снежанна Имашева разъяснила порядок применения амнистии, приуроченной к принятию новой Конституции. Она…