Жайық news

ӘДІЛБЕК МУСИН – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

Қазақстандық жүзуші Әділбек Мусин Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ол баттерфляй әдісімен 50 метрді бар-жоғы 23,74 секундта жүзіп өтіп, бәсекелестерін шаң қаптырды.

Бұл нәтижемен Әділбек Мусин тек жеңіс тұғырына ғана емес, Қазақстан спортының жаңа белесіне көтерілді. Оның көрсеткіші – құрлықтық доданың ең үздік уақыттарының бірі.

Мусиннің өзі жарыстан кейін: «Бұл алтын – тек менің емес, бүкіл Қазақстан жанкүйерлерінің жеңісі. Еліміздің туын көтергеніме қуаныштымын» деп мәлімдеді.

Осылайша, еліміз тағы бір рет халықаралық спорт аренасында биік шыңға көтерілді.

Көп оқылғандар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *