Categories Жайық news

8 жылу орталығы «қызыл» аймақтан шықты: Қазақстандағы жылу маусымы қалай өтті?

Қазақстанда 5 жылу электр орталығы (ЖЭО) қауіпті «қызыл» аймақтан шығып, тәуекел деңгейі төмендеді. Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша, еліміздегі сегіз ЖЭО тәуекел аймағынан шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның айтуынша, жылу маусымы кезінде станциялардың жабдықтары тозғанына қарамастан, жүйелі жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде бірнеше нысан «қызыл» тізімнен шығарылды.

«Біз үшін ең бастысы – халықтың жылусыз қалмауы. Әрбір станцияда профилактикалық жұмыстар жүргізілді, қазандықтар мен турбиналар жөнделді», – деді министрлік өкілі.

Қазіргі уақытта «қызыл» аймақта әлі де бірнеше ЖЭО қалып отыр. Олардың қатарында еліміздің ірі қалаларындағы станциялар бар. Алайда мамандар келесі маусымға дейін оларды да ретке келтіру жоспарланғанын айтады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы жылу электр орталықтарының 70 пайызы тозған деп хабарланған болатын. Үкітет бұл мәселені шешу үшін арнайы бағдарлама әзірлеп, қаржы бөлді.

Ұқсас жазбалар

Есірткі тасымалдағаны үшін іздеуде жүрген әйел Қазақстанға қайтарылды

Ірі көлемде есірткі контрабандасы мен оны өткізгені үшін сотталған әйел Қырғызстаннан Қазақстанға экстрадицияланды.

Астанада кәсіпкерден 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды

Астанада құрылыс компаниясының басшысынан 80 млн теңге бопсалаған адвокат пен оның серігі ұсталды.

Ақсу маңындағы понтон көпір қайта суға батты

Ақсу қаласының маңындағы Көктас ауылында понтон көпір қайта суға батып, төрт ауыл тұрғыны көпірсіз қалды.…