Сурет: ЖИ
«Қазгидромет» синоптиктері 17 маусымда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жетісу облысының батысы мен орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аудандарында жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с жетеді. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, шығысы мен батысында төтенше өрт қаупі бар. Талдықорғанда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіліп, жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың шығысы мен орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз оңтүстігінде 35-37 градус қатты ыстық. Батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда күндіз 35-37 градус ыстық.
Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай болады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз батысы мен оңтүстігінде 35-37 градус ыстық. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, батысы, орталығы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіліп, төтенше өрт қаупі бар.
Қостанай облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Күндіз оңтүстігінде 35 градус ыстық. Оңтүстік-батысында төтенше, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай, түнде және таңертең тұман.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғып, күндіз батыс, солтүстік және оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Батысы мен оңтүстік-батысында жоғары, қиыр батысында төтенше өрт қаупі бар. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, жел екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында жаңбыр, найзағай болады. Күндіз солтүстік-шығысы мен орталығында шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз солтүстік-шығыс пен орталықта екпіні 15-18 м/с. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда да жоғары өрт қаупі бар.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде таулы аудандарда, күндіз оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 38 градус ыстық. Жоғары өрт қаупі, батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, төтенше өрт қаупі күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде 37 градус ыстық және төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысы мен шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ болады. Шығыстан жел соғып, күндіз батыс пен солтүстікте екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градус ыстық. Солтүстігінде жоғары, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстікте бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең батысында тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Петропавлда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ болады.
Атырау облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз солтүстік, батыс және оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус ыстық. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-18 м/с, жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі, таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады.

