Categories Жайық news

100 миллион теңге пара алған: БҚО-дағы салық қызметінің басшысы қамауға алынды

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік шекара арқылы заңсыз тауар тасымалдау арнасының жолы кесіліп, Мемлекеттік кірістер департаментінің жоғары лауазымды шенеунігі ұсталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқарма басшыларының бірі мен елорданың бір тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

Тергеу деректеріне сәйкес, олар ақшалай сыйақы үшін шетелдіктерге халық тұтынатын тауарларды елге кедергісіз кіргізуге көмектескен. Күдіктілердің 100 миллион теңгеден астам сомада пара алғаны құжатпен дәлелденді.

Алдын ала бағалау бойынша, мемлекетке келтірілген шығын көлемі 1,9 миллиард теңгеден асады. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді, – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…