Сурет: Egemen Qazaqstan
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жүргізушілерді медициналық куәландыру кезінде кейбір наркологиялық орталықтардың заң бұзғанын айтты. Осыған байланысты еліміздегі барлық наркологиялық орталықтарға тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, жүргізушілерді куәландыру барысында бірқатар наркологиялық мекеме заң талаптарын бұзған. Бұл жағдай жол қозғалысы қауіпсіздігіне кері әсерін тигізуі мүмкін.
«Біз наркологиялық орталықтардың жұмысын тексеріп, заңбұзушылықтарды анықтаймыз. Әрбір дәрігер мен мекеме жауапкершілікке тартылады», — деді Ақмарал Әлназарова.
Тексеру барысында куәландыру рәсімдерінің дұрыстығы, құжаттардың толықтығы және мамандардың біліктілігі тексерілмек. Нәтижесінде заң бұзған орталықтарға шара қолданылады.

