Сурет: ЖСДП
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысатын Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
ОСК мүшесі Михаил Бортниктің айтуынша, тізімге 33 кандидат енгізілген. Оның 14-і әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар санатына жатады. Осылайша заңдағы кемінде 30 пайыздық квота толық сақталған.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың тексеруі нәтижесінде барлық кандидаттың заң талаптарына сай екені анықталды.
ОСК ЖСДП-ның 2023 жылғы Мәжіліс сайлауында 5 пайыздан астам дауыс алғанын ескеріп, заң бойынша партияны сайлау жарнасын төлеуден босатты.
Отырыс қорытындысында ОСК ЖСДП-ның партиялық тізімін ресми тіркеу туралы қаулы қабылдап, кандидаттарға куәліктер табыстады.
Еске сала кетейік, 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына партиялық тізімдерді тіркеу 23 шілде күні сағат 18:00-де аяқталады.
Мазмұнға өту
