Елдің болашағы – білімді, белсенді және жауапкершілігі жоғары жастардың қолында. Сондықтан жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жағдай жасау ерекше маңызға ие.
Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары, білім алу мүмкіндігі, еңбек ету және қоғамдық өмірге қатысу қағидаттары жастардың жан-жақты дамуына негіз болады.
Бүгінде жастардың ел өміріндегі рөлі артып келеді. Олар қоғамдық бастамаларға қатысып, еріктілік қозғалыстарын дамытып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы қоғамның өркендеуіне үлес қосуда. Мұндай белсенділік азаматтық жауапкершіліктің нақты көрінісі болып табылады.
Сонымен бірге әрбір жас өз құқығын біліп қана қоймай, заң талаптарын сақтауды, қоғамдық тәртіпті құрметтеуді және өз әрекетіне жауап беруді үйренуі қажет.
Конституциялық құндылықтарды құрметтейтін, ел болашағына бейжай қарамайтын ұрпақ – тұрақты әрі өркендеген мемлекеттің басты тірегі.
Мазмұнға өту
