Саясат

БИҒАБЫЛ ЖОЛАМАН – «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан спортшыларының Жапонияда өткен XXV Жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің мерейін асырғанын атап өтті.

Салтанатты марапаттау рәсімінде Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы, Батыс Қазақстан облысының спортшысы Биғабыл Жоламан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Бұл – спортшының табанды еңбегі мен жоғары жетістігіне берілген лайықты баға.

Жерлесімізді мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!

Көп оқылғандар