Сурет: Анадолы
Жапониядағы Хонсю аралының жағалауында 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Хатинохэ қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 70 шақырым жерде орналасқан. Бұл қалада 239 мыңға жуық тұрғын бар. Жерасты дүмпуінің ошағы 59 шақырым тереңдікте тіркелді.
Цунами қаупі туралы ақпарат түскен жоқ.
26 маусым күні Жапонияның орталық бөлігіндегі Яманаси префектурасында және оған іргелес аудандарда магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі болған еді. Жапонияның метеорология агенттігі демалыс күндері елге Тынық мұхиты жағынан екі тайфун жақындап, кей өңірлерде құрлыққа шығуы мүмкін екенін ескертті.

