Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 188 адамға жетті

Сурет: vtv.com.ve

Венесуэлада болған екі қуатты жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандар саны 188 адамға жетіп, тағы 1520 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Венесуэла Ұлттық ассамблеясының спикері Хорхе Родригес VTV телеарнасы арқылы жасаған үндеуінде құрбандар санының 188-ге дейін артқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, 1520 адам жарақат алып, ауруханаларға жеткізіліп, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Сонымен қатар 157 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында қалып отыр, ал 200-ден астам адам қираған ғимараттардың үйінділері астында болуы мүмкін. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Табиғи апат салдарынан сегіз аурухана, 20 сауда орталығы және 68 инфрақұрылым нысаны зақымданды. Жалпы саны 250 ғимарат бүлініп немесе толық қираған. Кейбір медициналық мекемелер эвакуацияланды.

24 маусым күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18:04-те Венесуэлада магнитудасы 7,2 болатын алғашқы жер сілкінісі тіркелді. Оның ошағы 13 шақырым тереңдікте орналасып, эпицентрі астанадан 200 шақырым қашықтықтағы Морон қаласы маңында болған. Көп ұзамай жер бетіне жақын, небәрі 10 шақырым тереңдікте магнитудасы 7,5 болатын екінші күшті жер сілкінісі орын алды.

АҚШ Геологиялық қызметінің (United States Geological Survey) мәліметінше, магнитудасы 7,5 болған бұл жер сілкінісі 1900 жылдан бері Венесуэлада тіркелген ең қуатты зілзала саналады. Ведомствоның болжамына сәйкес, жер сілкінісі құрбандарының саны 44 пайыз ықтималдықпен 10 мыңнан 100 мың адамға дейін жетуі мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Еуропалық Парламент Қазақстан Президентінің Брюссельге сапарын жоғары бағалады

Еуропалық Парламентте өткен брифингте Қазақстан Президентінің Брюссельге сапары жоғары бағаланып, стратегиялық серіктестіктің жетілген кезеңі атап…

Қорғаныс министрлігі Ербаян Мұхтардың қазасына қатысты мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі Ұлттық ұланның мерзімді әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың қазасына байланысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Ғабит Мүсіреп: Мемлекеттік қолдау медиа саласына жаңа серпін береді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында журналистиканы дамытуға үлес қосқан медиа өкілдерін мемлекеттік наградалармен…