Сурет: Euronews
Венесуэланың солтүстігінде болған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 164 адамға жетті, ал жараланғандардың қатары 970-тен асты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы республика президентінің өкілі Делси Родригес мәлімдеді. Оның айтуынша, табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін.
«Елде ондаған ғимарат қирап қалған», деді Делси Родригес.
Сондай-ақ ол адамдардың өмірін сақтап қалуға бағытталған өте күрделі құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Бейсенбіге қараған түні Венесуэланың солтүстігінде магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды. Кейінірек АҚШ-тың Геологиялық қызметі (USGS) араға 40 секунд салып, магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі жерасты дүмпуін тіркегенін хабарлады. Ел билігі төтенше жағдай режимін жариялады.

