Венесуэлада құтқарушылар 11 жастағы баланы үш күннен кейін үйінді астынан аман алып шықты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Венесуэлада құтқарушылар 11 жастағы баланы үш күн бойы үйінді астында қалғаннан кейін тірідей тапты. Бұл туралы президент міндетін атқарушы Делси Родригес өз видеосында көрсетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Видеода құтқарушылар каска мен жарық шағылыстыратын арнайы киім киіп, үйінді астынан баланы алып шығып, зембілге жатқызған. Операция түнде прожекторлар мен шамдардың жарығымен жүргізілген.

«Жақында Карабальеде 11 жастағы бала тірі күйінде құтқарылды. Қазір аман сақталған әрбір өмір Венесуэла үшін үміт», — деді Родригес.

Бір күн бұрын Ла-Гуайрада құтқарушылар Моисес есімді тағы бір 11 жастағы баланы үйінді астынан алып шыққан. Ол шамамен үш метр тереңдікте жатқан, мамандар оған жету үшін алты сағат жұмсаған.

Ұқсас жазбалар

Астанада полиция формасымен видео түсірген ер адам ұсталды

Астанада полиция формасымен видео түсірген 30 жастағы ер адам ұсталды. Оған әкімшілік хаттама толтырылып, іс…

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзеге ілтипат білдіріп, бұл сапардың қазақ-грузин серіктестігін нығайтудағы маңызын атап өтті.

Қоғам қайраткерлеріне жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

Астанада Қазақстанның жаңа Конституциясының арнайы басылымын табыстау рәсімі өтті. Басылым даналары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың…