Сурет: Manjunath Kiran/AFP/Getty Images
Үндістанның әскери-әуе күштеріне тиесілі Ан-32 әскери-көлік ұшағы Ассам штатындағы Джорхат авиабазасына қону кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға бүгін жергілікті уақытпен сағат 10:00 шамасында жоспарлы ұшу барысында болды. Үнді билігінің мәліметінше, ұшақтың құлауы салдарынан бес әскери қызметкер қаза тапқан. Экипаждың тағы бір мүшесі – екінші ұшқыш аман қалған.
Үндістанның NTV телеарнасы көрсеткен кадрларда ұшақ бірнеше бөлікке бөлінгені көрінеді. Әуе күштері оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы тергеу комиссиясы құрылатынын мәлімдеді. Қазіргі уақытта апат орнында жұмыстар жүргізіліп, алдын ала тергеу басталған.

