Түркияның Шанлыурфа провинциясындағы мектептердің бірінде қайғылы оқиға болды: бұрынғы оқушы білім ордасына қарумен келіп, оқ жаудырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
18 жастағы жас жігіт мектептің бұрынғы оқушысы болып шықты. Ол білім ордасына помпалы мылтықпен баса-көктеп кіріп, алдымен аулада, содан кейін ғимарат ішінде бейберекет оқ атқан.
Шабуыл салдарынан 18 адам зардап шекті. Жараланғандар арасында оқушылар, мұғалімдер және сол маңнан өтіп бара жатқан кездейсоқ адамдар да бар.
Көп ұзамай шабуылдаушының өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.
Фото: Әлеуметтік желіден

