Түркістан облысының прокуроры лауазымына Бауыржан Мырзакеров тағайындалды

Сурет: gov.kz

Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бауыржан Қыпшақұлы Мырзакеров Түркістан облысының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бауыржан Мырзакеров еңбек жолын Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі ретінде бастаған. Әр жылдары Сарыөзек, Өскемен, Қапшағай гарнизондарының әскери прокуроры, Бас әскери прокурордың орынбасары, Павлодар облысы прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның Қызмет бастығының орынбасары, Қызмет бастығы, Астана қаласының прокуроры қызметтерін атқарған.

2022 жылдың мамырынан бері Қарағанды облысының прокуроры болған. Қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны үшін I және II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған. Прокуратураның құрметті қызметкері атағына ие.

Ұқсас жазбалар

Ұландықтар LRT станцияларында қоғамдық тәртіпті күзетуге кірісті

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері LRT станцияларында жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Астанадағы автотұрақта жас қызды алып қашпақ болған оқиға желіде талқылануда

Астанадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының автотұрағында белгісіз біреулер жас қызды алып қашпақ болған. Куәгерлердің…

Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» 8 маусымда ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Еліміздің басым бөлігінде найзағай, бұршақ,…