Жайық news

Трамп Ирандағы жағдайға араласты: АҚШ наразыларға көмектесуге дайын

Youth climate protest with participants holding 'Planet Over Profit' sign.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы наразыларға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Иран бұрын-соңды болмаған еркіндікке ұмтылып отыр», – деп жазды ол TruthSocial әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін Трамп егер билік бейбіт шерушілерге оқ атса, АҚШ-тың Иранға соққы беруі мүмкін екенін ескерткен болатын.

Сенбі күні Иранның соңғы шахының ұлы Реза Пехлеви наразыларды қала орталықтарын басып алуға, ал экономиканың негізгі салаларының қызметкерлерін жаппай ереуілге шығуға шақырды.

Сондай-ақ Пехлеви «ұлттық революция жеңіске жеткенде ұлы халықпен бірге болу үшін» Иранға оралуға дайындалып жатқанын хабарлады.

Көп оқылғандар