Тоқаев инвесторлар кеңесіне қатысушыларға мемлекеттік наградалар табыстады

Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы ІІ дәрежелі «Достық» орденімен Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо, Ислам даму банкінің төрағасы Мұхаммед Сулейман әл-Джассер, AD Ports Group компаниясының басқарушы директоры әрі бас атқарушы директоры Мұхаммед Жума әл-Шамиси, Citi компаниясының тұтынушылармен жұмыс жөніндегі бас басқарушысы Дэвид Ливингстон, Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старак, Cameco корпорациясының президенті Тим Гитцель және «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы Ерлан Досымбековті марапаттады.

«Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының директоры Жанна Байдашева «Құрмет» орденімен наградталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысында еліміздің тұрақты даму бағдарын ұстанатынын айтты. Сондай-ақ экономика мен саяси бағытты жаңа талаптарға дер кезінде бейімдеу басты міндет екенін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассоны қабылдады. Кездесу шетелдік инвесторлар…

Мемлекет басшысы VEON компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VEON компаниялар тобының бас атқарушы директоры Мухтерем Каан Терзиоглуды қабылдады. Кездесуде…

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президентін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сауда палатасының аға вице-президенті Хуш Чоксиді қабылдады. Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастық…