Басты тақырып

Тоқаев Ғизат Нұрдәулетовке алғыс айтты

Сурет: Telegram/ Айбек Смадияр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғизат Нұрдәулетовке ел игілігі жолындағы табысты әрі адал қызметі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияр Telegram арнасында жазды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Ғизат Дәуренбекұлы кәсіби біліктілігі мен қажыр-қайратын ел мүддесін қорғау мен тұрақтылығын нығайтуға арнағанын атап өтті. Сонымен қатар оның мемлекеттік саясатты ілгерілетуге және ауқымды реформаларды сәтті жүзеге асыруға айрықша атсалысқанына тоқталды», делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның Малайзия мен Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшілері тағайындалды.

Сондай-ақ алдағы күндері Президент Үндістан және Оңтүстік Кореяға баратыны белгілі болды.

Көп оқылғандар