Тоқаев: «AMANAT» пен «ӘДІЛЕТ» бірігуі реформаларға серпін береді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясының «ӘДІЛЕТ» партиясымен бірігуі туралы шешімін қолдайтынын білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің пікірінше, бұл қадам елдегі реформаларды ілгерілетуге ықпал етіп, жалпыұлттық құндылықтар төңірегіндегі саяси күштердің топтасуына жол ашады. Ол Қазақстанның озық әрі жасампаз күштері ортақ мақсаттар мен ұлттық мүдде жолында бірігіп жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы елдің басты мұраты – жас ұрпаққа жарқын болашақ сыйлайтын әділетті, қуатты, қауіпсіз және дамыған мемлекет құру екенін айтты. Сондай-ақ Қазақстанның табысты дамуы әр азаматтың жауапкершілігі мен бірлігіне байланысты екенін жеткізіп, халықты ел игілігі жолында бірлесе еңбек етуге шақырды.

«Мен «AMANAT» партиясының фракциясына және барлық мүшелеріне белсенді, байсалды және жасампаз ұстанымдары үшін алғыс айтамын. Сіздер шынайы отаншылдық пен азаматтық жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келесіздер. Саяси ұйымның таяуда өткен съезінде «ӘДІЛЕТ» партиясына қосылу туралы стратегиялық шешім қабылданды. Мен бұл тарихи шешімді қолдаймын. Бүгінгі таңда барлық озық әрі жасампаз күштер жалпыұлттық құндылықтар мен ортақ мақсаттарға бірігіп жатыр. Мұндай қадам елімізде қолға алынып жатқан түбегейлі реформаларға тың серпін берері сөзсіз. Түптеп келгенде, баршамыздың мұратымыз – бір. Бұл – жас ұрпақтың жарқын болашағына жол ашатын өркениетті әрі озық мемлекет құру. Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Еліміздің ойдағыдай дамуы бізге ғана керек. Ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмыла білсек, біз кез келген белесті бағындырамыз, көздеген мақсатымыздың бәріне қол жеткіземіз. Қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз, Таза әрі Озық Қазақстанды құрамыз. Мен бұған кәміл сенемін! Осы жолда аянбай еңбек ету – әр азаматтың перзенттік парызы. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын! Қазақ елі мәңгі жасасын!», деді Президент.

Ұқсас жазбалар

Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

Астанадағы LRT жүйесінің атауы Tarlan Astana болып өзгерді

Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесі (LRT) енді Tarlan Astana деп аталады. Тиісті қаулыға қала әкімі…

Тоқаев: Құрылтай сайлауында ашық, адал және әділ бәсеке болуға тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы Жарлыққа қол…