Степногорскіде оқушылардың жеке деректері тарап кетті: кінәлілер жазаланды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Степногорск қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балалардың жеке деректерін заңсыз жариялау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру барысында бірқатар мектептер мен білім бөлімінің интернет-ресурстарында 165 баланың жеке мәліметтері ашық қолжетімді болғаны анықталды. Жарияланған ақпарат арасында оқушылардың аты-жөні, оқу орны және әлеуметтік мәртебесі туралы деректер болған.

Олардың қатарында көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан және қорғаншылықтағы балалар да бар. Бұл мәліметтердің еркін таралуы олардың заңсыз пайдаланылу қаупін туғызған.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде заң бұзушылықтар жойылып, балалардың жеке деректері ашық қолжетімділіктен алынып тасталды. Жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қала прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғау және жеке деректер туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Филиппиндегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 78-ге жетті

Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аралы жағалауында 8 маусымда болған магнитудасы 7,8 жер сілкінісінен қаза тапқандар саны…

Қазақстанда әлемдік деңгейдегі барлық ота жасалады – Болатбек Баймаханов

Қазақстанда соңғы 10 жылда 3,5 мыңға жуық ағза трансплантациясы жасалды, оның ішінде балаларға арналған күрделі…

Президент төрт облыс әкіміне тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Ұлытау облыстарының әкімдерімен телефон арқылы сөйлесті, деп…