Categories Жайық news

Шымкентте 80 млн теңге алдап алған әйел қамауға алынды

Шымкентте ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен әйел адам ұсталды. Тергеуге сәйкес, күдікті азамат бірнеше рет алдау арқылы жалпы сомасы 80 миллион теңгеден асатын шығын келтірген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, алғашқы оқиға зергерлік бұйым саудасымен айналысатын кәсіпкер әйелге қатысты болды. Күдікті оның сеніміне кіріп, қымбат алтын бұйымдарды алғанымен, кейін өз уәдесін орындамаған.

«Күдікті әйел танысының сенімін пайдаланып, алдау арқылы бағалы бұйымдарды иемденіп кеткен. Алайда алған мүлікті қайтармады және келісілген шарттарды орындаған жоқ», – деді тәртіп сақшылары.

Екінші дерек шетелге туристік сапарлар ұйымдастыруға байланысты. Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті тиімді демалыс уәде беріп, алдын ала төлемдер алған, бірақ саяхаттарды ұйымдастырмаған.

Осы әрекеттері үшін ол халықаралық іздеуге жарияланып, арнайы операция нәтижесінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда полиция күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…