Шиеліде су арнасынан табылған 16 жастағы қыздың анасы әділ тергеу сұрайды

Сурет: Aikyn.kz

Қызылорда облысы Шиелі ауданында су арнасынан табылған 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты туыстары күмәнді жайттардың көп екенін айтып, кінәлілерді анықтап, заң аясында қатаң жазалауды талап етіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Марқұмның анасы Гүлжайна Қалдыбаеваның айтуынша, биыл 10-сыныпты аяқтаған қызы үш күн бұрын кешкі уақытта құрбысының қоңырауынан кейін үйден шығып кеткен. Алайда ол сол түні үйге оралмаған.

Туыстары қызды іздеуге бірден кіріскенімен, еш нәтиже болмаған. Келесі күні кешке жасөспірімнің денесі көрші Ыбырай Жақаев ауылындағы су арнасынан табылғаны белгілі болған.

Анасының сөзінше, қыздың денесі табылған кезде үстінде киімі мен аяқ киімі болмаған. Сонымен қатар ұялы телефоны да әлі табылмаған.

– Қыздың үстінде киімі жоқ, аяқ киімі жоқ. Киімдері де, телефоны да табылған жоқ. Сондықтан оның өліміне қатысты сұрақ көп. Барлығы мұқият тексерілуі керек, – дейді марқұмның анасы.

Марқұмның жақындары жасөспірімнің түнгі уақытта ауыл шетіндегі су арнасына жалғыз баруы екіталай екенін алға тартады. Олар оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты тергеп, кінәлілер анықталған жағдайда заң бойынша қатаң жауапқа тартуды сұрап отыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы бойынша тиісті органдар тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Ұқсас жазбалар

Астанада Қорғалжын тас жолының бір бөлігі жөндеуге жабылады

Астанада Қорғалжын тас жолының бір бөлігі жөндеуге байланысты ішінара жабылады. Жұмыстар мердігер қаражаты есебінен жүргізіледі.

Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады

Цифрлық даму министрлігінің хабарлауынша, елдегі жекелеген интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындауы магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісінің зақымдануына…

Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кетті

Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кетті. ТЖМ іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.