Сурет: lenarybakina парақшасынан
Елена Рыбакина US Open турнирінде жеңіске жетіп, әйелдер теннисі тарихындағы рекордтық 5,5 млн доллар (2,4 млрд теңге) жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл сома әйелдер теннисіндегі ең үлкен жүлде болып табылады және ерлер арасындағы финал жеңімпазының сыйақысына тең.
Алайда теннисші бұл ақшаның барлығын қолына алмайды. АҚШ-та жүлдеден федералдық салық пен Нью-Йорк штатының салығы ұсталады. Олардың жалпы мөлшері шамамен 2,5 млн долларды (1,1 млрд теңге) құрайды.
Нәтижесінде Рыбакинаның қолында шамамен 2,92 млн доллар (1,3 млрд теңге) қалады.
Елена Рыбакина US Open-2026 жеңісінен кейін жазба жариялады.
