Қосшыда қазан айында жаңа суперкомпьютер іске қосылады

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. Қор басшысы Президентке биылғы бес айдың қорытындысы мен орта мерзімді даму жоспары туралы баяндады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Нұрлан Жақыповтың айтуынша, 2025 жылдың соңында Қордың активтері 88 млрд АҚШ долларына жеткен. Қазір елімізде ірі инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобалар жүзеге асырылуда. Биыл құны 3,3 трлн теңге болатын 16 ірі жобаны іске қосу жоспарланған.

Олардың қатарында Мойынты – Қызылжар және Дарбаза – Мақтаарал теміржол желілерінің құрылысы, Қашағандағы газ өңдеу зауыты, Алматыдағы екінші ЖЭО-ны жаңғырту, гибридті электр станциясын салу және Каспий теңізі түбіне талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту бар.

Бұл бастамалар көлік, энергетика және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған.

«Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы әлеуметтік жауапкершілік аясында жыл сайын шамамен 1 млн адамды қамтитын жобалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бойынша ел бойынша 5 млн көшет отырғызу жоспарланса, 2024-2025 жылдары 5,8 млн ағаш егілген.

2023–2026 жылдар аралығында 856 млрд теңгеге 100-ден астам әлеуметтік жоба іске асырылған.

Нұрлан Жақыповтың мәліметінше, биыл қазан айында Қосшы қаласында NVIDIA B300 базасындағы жаңа суперкомпьютер іске қосылмақ. Жоба жүзеге асса, «Қазақтелеком» компаниясының есептеу қуаты төрт есе артады. Бұл Қазақстанның жасанды интеллект, деректерді өңдеу және жоғары өнімді есептеу саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Кездесу соңында Президент қордың негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Ұқсас жазбалар

Президент бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп хабарлайды…

Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің айрығы маусым айының соңына дейін жабылады

Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің көлік айрығы 17-30 маусым аралығында жол жұмыстарына байланысты…

Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды

ІІМ Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінде Кеңес Одағының Батыры, академик Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды.