Сурет: Ашық дереккөз
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі үш облыс аумағында сырғыма және сел құбылыстары болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
3-5 шілде аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы және тау алды аудандарында жоғары ауа температурасы мен нөсер жаңбыр болжамына байланысты өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіліп отыр.
Аталған облыстардың тұрғындары мен қонақтарынан сақтық шараларын сақтауды өтінеміз, делінген хабарламада.
1 шілде күні Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы гидрологиялық жағдай тұрақты екені хабарланған еді. Мамандар өзендердегі су деңгейіне және сел қаупі бар учаскелердің жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізіп отыр.

