Сурет: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform
«Қазгидромет» РМК 25 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің көптеген аймағында найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Астанада таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Батыс пен оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Ақмола облысының батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз бұршақ пен дауыл соғады, солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр болуы мүмкін. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс пен орталықта төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Оңтүстік пен шығыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен дауыл болады. Шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Бірқатар ауданда төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай болады. Алакөл маңында желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Өңірдің бірқатар бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз аптап ыстық 35-38 градусқа дейін жетеді. Солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз батыс пен солтүстікте бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Солтүстік пен шығыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Өңірдің бірқатар бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз батыста, солтүстікте және орталықта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болуы ықтимал. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстікте ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі.
Қостанай облысының батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр, найзағай болады. Күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік пен оңтүстік-батыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысы, оңтүстігі және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Оңтүстік пен шығыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Солтүстік бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысы, солтүстігі және орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде тұман түсуі мүмкін. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай болады. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстік пен оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.

