Categories Жайық news

Қазақстанда пайдаланылмаған 2,1 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

Ресми дерекке сүйенсек, 2025 жылдың басынан бері Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,1 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

Бұл бастаманың мақсаты — пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз иеленіп алынған жерлерді тиімді айналымға енгізу. Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметінше, жұмыс республикалық комиссия шеңберінде жүзеге асады.

Бұл туралы Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдар, құқық қорғау саласының өкілдері мен қоғам белсенділері кіреді. 2025 жылы аталған комиссия 3 рет жиналыс өткізіп, еліміздің аймақтарында 42 кеңес ұйымдастырған.

Жалпы 2022 жылдан бері мемлекетке 14,3 млн гектар жер қайтарылды. Оның ішінде:

  • 2022 жылы – 5,4 млн гектар,
  • 2023 жылы – 4,6 млн гектар,
  • 2024 жылы – 2,2 млн гектар,
  • 2025 жылдың басында – 2,1 млн гектар.

Қайтарылған жайылым жерлер кімдерге беріледі?

Аталған жерлердің 12,5 миллион гектарын жайылым алқаптары құрайды. Тексеру барысында 16 мыңнан астам шаруашылықта малдың жоқтығы немесе жайылымға түсетін жүктеменің тым аз екені анықталған.

2022 жылдан бері 7,7 млн гектар жер қайта бөлініске түскен. Оның 2,7 миллионы — ауыл тұрғындарына ортақ пайдалануға берілсе, бес миллионы — конкурс арқылы жаңа меншік иелеріне табысталған.

Ауыл тұрғындарына қандай пайдасы бар?

Қалған 7,5 млн гектар жердің иесін анықтау процесі әлі де жалғасып жатыр. Комитет мәліметінше, жер бөлерде әкімдіктер жергілікті халықтың жайылымға деген сұранысын және ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін азаматтардың мүдделерін ескеруге міндетті.

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…