Сурет: Egemen Qazaqstan
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасы Сенатының Маршалы Малгожата Кидава-Блоньскамен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту және екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады.
Әңгіме барысында тарихи тамырластыққа ерекше мән берілді. Президент поляк этнографы Адольф Янушкевичтің қазақ тарихы, тұрмысы мен мәдениетін зерттеуге қосқан үлесін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев осы сәтті пайдаланып, Польша Президенті Кароль Навроцкий мен Премьер-министр Дональд Тускке жылы лебізін білдірді.

