Басты тақырып

Президент Тоқаев Канада Генерал-губернаторын құттықтады

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Канада Генерал-губернаторы Луиза Арбурға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент Луиза Арбурды лауазымына ресми кірісуімен құттықтап, оған жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Канада халқына бақ-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Қазақстан Канадамен сан қырлы серіктестікті нығайтуға бейіл әрі қос халықтың мүддесі үшін тығыз ықпалдастыққа әзір, — делінген хабарламада.

Көп оқылғандар