Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент Конституцияға сәйкестендіру, сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша бірқатар конституциялық заң мен заңға қол қойды. Атап айтқанда, ол конституциялық заңға және екі заңға өзгерістер енгізді. Заңдардың толық мәтіні баспасөзде жарияланады.

