Басты тақырып

Президент Құрылтайдың алғашқы сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құжат Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабы 3) тармақшасы мен 95-бабы 1-тармағына сәйкес қабылданды. Жарлықта Орталық сайлау комиссиясына Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастыру тапсырылды.

Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдауы тиіс. Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Көп оқылғандар