Президент: Қос палаталы Парламент 30 жылда 3,5 мыңға жуық заң қабылдады

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде ел Парламентінің қалыптасу тарихы мен оның мемлекетті нығайтудағы рөліне тоқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент Парламентте отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданғанын атап өтті.

Осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын елімізде тұңғыш кәсіби Парламент құрылды. Мүлде жаңа институционалдық үлгіге көшкен заң шығарушы орган мемлекеттігімізді нығайтуға елеулі үлес қосты, сондай-ақ еліміздің құқықтық негізін қалыптастыру және нарықтық экономиканы орнықтыру ісінде маңызды рөл атқарды. Қысқаша айтсақ, отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды. Ал әрбір оныншы заңға депутаттар өздері бастамашы болды. Заң шығару жүйесінің қайнар бастауында бүкіл халқымызға және халықаралық қауымдастыққа танымал саясаткерлеріміз, көрнекті мемлекет қайраткерлері, белгілі қоғам қайраткерлері тұрды. Олардың жемісті еңбегі Парламент тарихында өшпес із қалдырды. Қажырлы қызмет халқымыздың жадында мәңгі сақталып қаларына күмән жоқ, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сондай-ақ Парламенттің уақыт талабына бейімделіп, қоғамның сұранысына жедел жауап бере алатын тиімді институтқа айналғанын айтты.

Ұқсас жазбалар

Президент Цифрлық Қазақстанды құрудың негізгі алғышартын атады

Мемлекет басшысы жаңа Конституция азаматтардың киберкеңістіктегі дербес деректерін қорғауға кепілдік беретінін атап өтті.

Президент: алдағы екі жылда 200-ден астам өндіріс орны іске қосылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында алдағы екі жылда елімізде 200-ден астам жаңа…

Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.