Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жоғары нәтижемен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент спортшылардың бұл жетістікке табандылық, жанқиярлық еңбек және қайсарлық арқылы жеткенін атап өтті. Ол чемпиондар мен жүлдегерлерге, бапкерлер мен мамандарға алғысын білдіріп, мұндай табыстар Қазақстанның халықаралық беделін нығайтатынын жеткізді.
Сондай-ақ, Президент спортшыларға алдағы сайыстарда да биік белестерді бағындыра беруін тіледі.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы командалық есебінде бірінші орынға ие болды.
