Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барады

Сурет: Ақорда

22-23 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сапар барысында Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер өткізу жоспарланған. Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды. Сондай-ақ Президент Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен кездеседі.

Мемлекет басшысы ірі еуропалық компаниялар жетекшілерінің қатысуымен өтетін «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп, бірқатар кездесу өткізеді.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады. Кездесуде екі ел арасындағы…

Астанадағы қоқыс үйіндісінде өрт шықты

Астанадағы қоқыс үйіндісінде өрт шығып, өрт сөндірушілер жалынды сағат 11:00-де ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ.

Балқашта жаңа AIR-112 тікұшағы кезекшілікке кірісті

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Балқаш қаласында жаңа AIR-112 авиациялық-құтқару жасағының жұмыс бастау рәсіміне қатысты.