Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Канада күні – ұлттық мейрамына орай елдің Премьер-министрі Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Канадамен достық пен өзара құрметке негізделген көпжылдық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтті. Ол екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға бейіл екенін жеткізді.
Сонымен қатар Президент Марк Карниге жауапты қызметінде табыс тілеп, Канада халқына тілектестік білдірді.

