Президент бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасын қабылдады

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Агенттік басшысы Президентке «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлықтың орындалу барысы туралы есеп берді. Оның айтуынша, жарлықты іске асыру аясында квазимемлекеттік секторды қысқарту және бәсекелестікті дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Осы мақсатта Жекешелендіру жөніндегі ұлттық кеңсенің қатысуымен 2026-2030 жылдарға арналған квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекеттік меншік объектілерін оңтайландыру жоспары бекітілген. Бәсекелестік ортаға берілетін активтердің жиынтық кірісі 3,4 триллион теңгеге жеткен.

Кездесуде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау нәтижелері де талқыланды. Қабылданған шаралардың арқасында бір көзден сатып алу үлесі 39 пайыздан 24 пайызға дейін төмендеген. Соның нәтижесінде жалпы бюджеттегі бәсекелі сатып алу көлемі 6,2 триллион теңгеден 8,1 триллион теңгеге дейін ұлғайған.

Сондай-ақ агенттік төрағасы бизнес субъектілерінің тауар нарықтарына шығуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою, маңызды нарықтардағы өнімсіз делдалдарды қысқарту және цифрлық экономиканы реттеудің жаңа тәсілдерін әзірлеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Бұдан бөлек, бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы заңнамалық түзетулердің алтыншы пакеті таныстырылды. Заң жобасында бәсекелестік саясаттың тиімділігін арттыруға, монополияланған нарықтардағы бақылауды күшейтуге, монополияға қарсы реттеуді жетілдіруге және экономиканың мемлекеттік сектордағы үлесін қысқартуға бағытталған жеті жүйелі бағыт қарастырылған.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Агенттік төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұқсас жазбалар

Қосшыда қазан айында жаңа суперкомпьютер іске қосылады

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады. Қор басшысы Президентке биылғы бес айдың…

Астанадағы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің айрығы маусым айының соңына дейін жабылады

Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің көлік айрығы 17-30 маусым аралығында жол жұмыстарына байланысты…

Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды

ІІМ Ұлттық ұланының 5510 әскери бөлімінде Кеңес Одағының Батыры, академик Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды.