Сурет: Үкімет
Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттардың Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды дамыту жөніндегі шаралар туралы сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Елімізде одан әрі цифрлық трансформация үшін заманауи нормативтік база құрылғаны және осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Бұған дейін отырыста Қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың 6,5%-ға өскенін хабарлады.

