Саясат

ОСК «Respublica» және ЖСДП партиялық тізімдерін тіркеді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Орталық сайлау комиссиясы «Respublica» және «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» (ЖСДП) партиялық тізімдерін тіркеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

ОСК отырысында «Respublica» партиясының 75 кандидаттан тұратын тізімі тіркелді. Бастапқыда партия 76 адамды ұсынған, бірақ Сәния Темірғалиева өз еркімен тізімнен шығу туралы өтініш берген. ОСК хатшысы Шавхат Өтемісовтың айтуынша, тізімдегі 38 кандидат – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар, бұл 50,7% құрайды. Ол сондай-ақ «Respublica» партиясы VIII сайланған Мәжіліс сайлауында 8,59% дауыс жинағандықтан, сайлау жарнасын төлеуден босатылатынын атап өтті.

Келесі отырыста ЖСДП-ның 33 кандидаттан тұратын тізімі тіркелді. ОСК мүшесі Михаил Бортниктің айтуынша, тізімдегі 14 кандидат әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар санатына жатады, бұл 30%-дан асады. Ол барлық кандидаттың заң талаптарына сәйкестігі тексерілгенін жеткізді. ЖСДП 2023 жылғы 19 наурыздағы Мәжіліс сайлауында 5%-дан астам дауыс алғандықтан, сайлау жарнасын төлеуден босатылды.

Көп оқылғандар