Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақстандық танымал футболшы Дастан Сәтпаев пен тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым (ByDastann) Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. Бұл бастама халықаралық қоғамдастық тарапынан кең қолдау тауып, әлем елдері жанашырлық, ынтымақ және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын насихаттауға бірікті.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев бұған дейін Қазақстанның ең қымбат ойыншысы атанған болатын.
Мазмұнға өту
