Сурет: ОСК
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысатын «Ақ жол» партиясының тізімін ресми тіркеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл шешім ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен өткен комиссияның бесінші отырысында қабылданды.
«Ақ жол» партиясы ОСК-ға 63 кандидаттан тұратын партиялық тізім ұсынған еді. Оның ішінде 22 кандидат әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар санатына жатады. Бұл жалпы тізімнің 34,9 пайызын құрайды. Осылайша заңнамада белгіленген квота толық сақталған.
ОСК мүшесі Ләззат Сүйіндіктің айтуынша, «Ақ жол» партиясы 2023 жылғы Мәжіліс сайлауында 8,41 пайыз дауыс жинағандықтан, қолданыстағы заңға сәйкес сайлау жарнасын төлеуден босатылған.
Отырыста халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мәселесі де қаралды. ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның мәліметінше, 17 шілдедегі жағдай бойынша Сыртқы істер министрлігі ОСК-ға 4 мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан 16 байқаушыны аккредиттеуге ұсынған.
23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына партиялық тізімдерді тіркеу 23 шілде күні сағат 18:00-де аяқталады.
Мазмұнға өту
