Жайық news

Орал маңында құрылыс краны құлап, крановщик қаза тапты

Сурет: zhaikpress.kz

Орал қаласының маңындағы Мичурино ауылының төңірегінде көпқабатты үйлер салынып жатқан алаңда ірі құрылыс краны құлап, оның операторы қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға куәгерлері техниканың құлаған сәтін бейнеге түсіріп алған. Желіде тараған кадрларда құрылыс кранының құлағаны және жақын маңдағы адамдар көрінеді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері болған жайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр, осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Көп оқылғандар