Оңтүстікте алдағы үш күнде 40 градусқа дейін аптап ыстық болады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Синоптиктер 11-13 маусым күндері еліміздің біраз аумағында тұрақсыз ауа райы сақталатынын хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына әлі де әсерін сақтап, тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. Циклонның орталығы еліміздің солтүстік-батысында орналасады. Осыған байланысты мұнда найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Сондай-ақ дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

11-13 маусым күндері Қостанай және Ақтөбе облыстарында қатты жаңбыр жауады. Алматы мен Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нөсерлетеді.

Күндіз еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +35…+40°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында +30…+37°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Еліміздің қалған аумағында айтарлықтай өзгерістер болмайды. Ауа температурасы бірқалыпты.

Ұқсас жазбалар

ТЖМ қызметкері 165 тонналық вагонды сүйреп, жаңа рекорд орнатты

Атырау облысы ТЖД Құрманғазы ауданы №7 өрт сөндіру бөлімшесінің бөлімше командирі Ерсейт Бралин 165,2 тонналық…

Мемлекет басшысы халықаралық және ведомстволық мәселелер бойынша заңдарға қол қойды

Мемлекет басшысы арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты заңға қол қойды. Бұл заң Қазақстан Республикасының кейбір…

Президент Канада халқына бақ-береке тіледі

Мемлекет басшысы Канада Генерал-губернаторы Луиза Арбурға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.