Басты тақырып

Никаб киюге тыйым: Жамбылда 20-ға жуық заң бұзушылық анықталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

2026 жылдың 2 наурызынан бастап Қазақстанда қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге, соның ішінде никабқа тыйым салынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бақылау күшейтілген орындар мен нысандарға ақпараттық баннерлер қойылды.

Жыл басынан бері облыста бет тұмшалауға байланысты 20-ға жуық заң бұзушылық тіркеліп, құқық бұзушыларға әкімшілік шаралар қолданылды. Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда бетті толық жабуға болмайтынын және бұл үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Көп оқылғандар