Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан бұқаралық ақпарат құралдарының бір топ қызметкеріне баспана берілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Dara» Президенттік бастамалар қоры ұйымдастырған іс-шарада Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров медиа мамандарын мерекемен құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмасымен БАҚ қызметкерлеріне пәтер беру бастамасы биыл төртінші жыл қатарынан жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Биылғы ерекшелік – пәтерлер Астанада ғана емес, Алматыда және еліміздің барлық облысында беріледі. Мақсат – өңірлік журналистиканы дамыту және әріптестерді әлеуметтік тұрғыда қолдау. Мереке қарсаңында облыстық ақпарат құралдарының қызметкерлері мен республикалық БАҚ-тардың жергілікті тілшілері қоныс тойын тойлағалы жатыр. Тіпті орталықтан шалғай елді мекендер де назардан тыс қалған жоқ. Мысалы, Қостанай облысының Арқалық қаласында және Түркістан облысының Созақ ауданында тұратын әріптестеріміз үйлі болмақ, деді А.Смадияров.

Биыл БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер беріледі. Оның ішінде Астана қаласында – 15, Алматы қаласында – 15, қалған 18 аймақта 2 пәтерден бөлінді.

Баспанаға үміткерлерді анықтау, пәтерлерді даярлау жұмыстарын «Dara» Президенттік бастамаларды қолдау қоры, Президенттің Іс басқармасы, жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ редакциялары бірлесе жүргізді.

Өткен үш жылда Президент атынан БАҚ саласының 200 қызметкеріне баспана берілген.

Ұқсас жазбалар

ТЖМ азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

ТЖМ шомылу маусымында судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыс жүргізіп, балалар қауіпсіздігіне ерекше…

Жасанды интеллект Екібастұз ГРЭС-1 жұмысын тәулік бойы бақылауда

Энергетика министрлігі 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау аясында саланы цифрлық трансформациялау…

Спортшылар Президентке қолдау үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев кешендегі спорт залдарын аралап, спортшылармен кездесіп, олардың алғысын естіді.