Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Аркадаг Гурбангулы Бердімұхамедовтің Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ғасырлардан тамыр тартатын достыққа, тату көршілікке және өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестікті нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында тараптар қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейіне назар аударып, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен өзара ықпалдастық перспективасын талқылады.

Ұқсас жазбалар

29 маусымда 6 облыста қатты ыстық күтіледі

«Қазгидромет» 29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. 6 облыста қатты ыстық күтіледі.

POLICE RUN жүгіру жарысына екі мыңнан астам адам қатысты

Астанадағы Триатлон саябағында Қазақстан полициясы күніне орай POLICE RUN жүгіру жарысы өтті. Шара «Заң мен…

29 маусымда бірнеше өңірде қолайсыз ауа райы күтіледі

Қазгидромет 29 маусымда Қостанай, Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Қарағанды және Атырау облыстарында…